«Барыс» – «Автомобилист» матчына бейнешолу
Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 18 ақпанда елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездесті.
<span>Екі команда бұған дейін 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 28-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Автомобилисттің» мерейі үстем болды.</span>
<span>Елордалық клуб олардың қақпасына 135 шайба соқса, өз қақпасына 112 гол жіберіп алды. Турнир кестесінде екі команда қатарлас тұр. Сондықтан бүгінгі кездесуде тартысты ойын болатыны анық еді. Кездесуде «Барыс» 5-минутта есеп ашты. Бұл голды Роман Старченко соқты.</span>
<span>Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде 42-минутта ресейлік хоккейші Александр Щемеров таразы басын теңестірді. Ал 45-минутта елордалық команда сапынан Даррен Диц мергендігімен көзге түсті. Кездесуде «Барыс» 2:1 есебімен басым түсті.</span>
<span><iframe frameborder='0' width='640' height='360' scrolling='no' src='//video.khl.ru/iframe/feed/start/free_1f64ed2843c0171c5ede9df231717bac_hd/q766733/e48b9508040caba81b0a19838c224369/4769347539?sr=45&type_id=18&width=640&height=360&lang=ru' allowfullscreen allow='encrypted-media'></iframe></span>