«Барыс» қатарынан екінші рет жеңіске жетті

«Барыс» қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 18 ақпанда елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездесті.

<span>Екі команда бұған дейін 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 28-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Автомобилисттің» мерейі үстем болды. </span>

<span>Елордалық клуб олардың қақпасына 135 шайба соқса, өз қақпасына 112 гол жіберіп алды. Турнир кестесінде екі команда қатарлас тұр. Сондықтан бүгінгі кездесуде тартысты ойын болатыны анық еді. Кездесуде «Барыс» 5-минутта есеп ашты. Бұл голды Роман Старченко соқты. </span>

<span>Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде 42-минутта ресейлік хоккейші Александр Щемеров таразы басын теңестірді. Ал 45-минутта елордалық команда сапынан Даррен Диц мергендігімен көзге түсті. Кездесуде «Барыс» 2:1 есебімен басым түсті.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или