Ілияс Хамзин: Алматының тауында жаттыққым келеді

Ілияс Хамзин: Алматының тауында жаттыққым келеді

Шет жақта туып-өсіп, әлем ареналарында жарқырап жүрген қазақ спортшылары жетерлік. Көрші Ресейден қаншама балуандарымыз бар. UFC-де алдына келген қарсыласын жайпап жүргендердің бірі – Дамир Исмағұлов. Ал оның ізбасары Ілияс Хамзин болуы ғажап емес.

Туған жері және спортқа келуі жайлы 

«Ресейдің Омбы облысында өмірге келдім. Ғаламтордағы мен туралы ақпарат тура емес. Қазір Нұр-Сұлтанда туыстарым тұрады. Спорттағы алғашқы табалдырықты кикбоксингтен бастадым. Ван Дамның киноларын көріп өскен бізге бұл спорт түрі ерекше қызық болатын. Ол кезде жасым 15-те.

Кикбокста Ресей Кубогын жеңіп, чемпионатта финалға шықтым. Еуропа біріншіліктеріне қатыстым. Көшеде оқыс жағдай болып, жарақат алып қалған едім. Сол жарақатымнан емделіп жүргенде тай боксы жаттықтырушысын кездестіріп, осы спортқа бейімімді бұрдым».

Петр Янмен таныстығы жайлы

«Петр Янмен 2010 жылдан бері таныспыз. Ол 2013 жылы ММА-ге бет бұрып, мені жаттығуына шақыратын. Кейін Георгий Емельяновтың залына барып, алғашқы жарыстарға қатыса бастадым. Артынан РЕсей чемпионатында бақ сынадым. 2018 жылы панкратионнан үш жекпе-жекте қатарынан жеңіскежеттім. Бұл уақытта Петр UFC-мен келісімшартқа отырған. Мені жекпе-жегіне дайындығына шақырып тұрды».

Алматыға келуі жайлы

«Александр Сарнавскийдің Абдул-Әзизге қарсы жекпе-жегінде қалай жұдырықтасқаны ұнап қалды. Ал ол Артем Резников және Георгий Кичигинмен бірге дайындалатын. Instagram-да Артем Резниковпен хабарласып, жаттығу жиынға қатысқым келетінін айттым. Ол бірден келісті. Алматыға келген соң Arlan MMA Pro Team директоры Дархан Бакеновпен жолығып, дайындықты бастап кеттім.

Осы уақыт аралығында күрестен Резников және Кичигиннен үйренгенім көп. Жалпы, бәрі ұнады. Алдағы уақытта таудың баурайында орналасқан АИБА-да жаттықсам деймін. Алдағы жазда Алматыға қайта келуді жоспарлап отырмын.

Алматыға келген соң, тау-тасты аралып көрдім. Осыдан соң қайда келгенімді түсіндім. Түп-тамырым осы жақтан екені сезіледі».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или