Қысқы

Биатлоннан әлем чемпионаты: Галина Вишневская ТОП-25 қатарында

Биатлоннан әлем чемпионаты: Галина Вишневская ТОП-25 қатарында
news-banner7
mobile-news-top

Словенияның Поклюка қаласында биатлоннан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл бәсекеде чехиялық Мартина Давидова жеңіске жетті. Ол атудан еш мүлт кетпей, 15 шақырымды 42 минут 27 секундта жүріп өткен. Күміс медальді швециялық Ханна Оберг, қоланы норвегиялық Ингрид Тангревольд иеленді.

Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Галина Вишневская-Шепоренко тіркеді. Галина ату кезінде қателік жібермей, жеңімпаздан 3 минут 33.1 секундқа қалып қойды. Қорытынды нәтиже - 25-орын.

Елизавета Бельченко 45-і, Людмила Ахатова 76-ы сатыда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер