«Тауда серуендеп, өзіме керек жерге келгенімді түсіндім». Ілияс Хамзин - Петр Янмен достығы, Алматы мен UFC туралы

«Тауда серуендеп, өзіме керек жерге келгенімді түсіндім». Ілияс Хамзин - Петр Янмен достығы, Алматы мен UFC туралы

UFC-де алғаш болып өнер көрсеткен қазақ файтер ресейлік Дамир Исмағұлов екені бәріне мәлім. Оның ізімен қазақстандық Шавкат Рахмонов, Мария Агапова, Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов UFC-мен келісімшартқа отырды. 

Ресейде тұратын тағы бір қазақ Ілияс Хамзин болашақта UFC-де өнер көрсетуді мақсат етіп отыр. Prosports.kz тілшісі онымен танысып, сұхбаттасты.  

- Ілияс, интернеттегі мәліметке сәйкес, сіз Қазақстанда туып, кейін Ресейге қоныс аударған екенсіз. Шынымен солай ма?

- Жалпы, мен Омбы облысында тудым, сондықтан ақпарат сәл қате.

- Қазақстанда туыстарыңыз бар ма?

-<span> </span>Бар, Нұр-Сұлтанда тұрады.

- Жекпе-жек спортымен қашаннан бастап айналысасыз?

- Бұл спортқа келуім өте қарапайым болды. Біз, барлық бала сияқты, футбол ойнап жүретінбіз, бірақ ойын ортасында екі жігіт үнемі бір жаққа кетіп қалатын. Бірде мен олардан қайда бара жатқанын сұрадым. Олар кикбоксқа баратындарын айтты. Бәріміз Ван Даммның фильмдерін көріп өскендіктен, мен олармен бірге секцияға баруды сұрадым. Бәрі осылай басталды.

- Ол кезде жасыңыз қанша болатын?

- 15-те болатынмын.

- Біздің білуімізше, сіз кикбоксингтен Ресей кубогының иегері, Ресей чемпионатының финалисісіз және Еуропа чемпионаттарының қатысушысысыз. Неліктен сіз осы спорттағы жолыңызды жалғастырмауға шешім шығардыңыз?

- Бұл спортқа «тойдым», сондықтан тай боксына ауыстым. Көшеде күтпеген оқиға болып, жарақат алдым. Емделіп жүргенімде тай боксының бапкерімен таныстым, ол мені өзіне шақырды. Соған қатыса бастадым, тіпті кәсіпқой ретінде Омбыда, 2015 жылы Түменде «Раджа Файтта» өнер көрсеттім.

- Аралас жекпе-жекке келуіңізге UFC чемпионы Петр Янмен танысқаныңыз себеп болды деген рас па?

- Жоқ, онымен 2010 жылдан бері таныспыз. 2013 жылы Петр өз жолын бастады, 2015 жылы мені грэпплинг жаттығуына алып барды. Оған қатты қызыға қоймадым, ол кезде Sony PlayStation-нен UFC-дің бірінші ойыны болған, сол жақта «үшбұрышты» көрдім. Ойыннан көргенімді жігіттерге көрсеттім. Бапкер сұрай бастағанда Петруха бұл әдісті ойыннан үйренгенімді айтты. Бапкер қатты таңғалды. Петр ММА-дегі жолын жалғастырып, маған да аралас жекпе-жекке барып көруді ұсынып жүрді. Мен Георгий Емельяновтің «Ермак» деген клубыта бардым. Сол жақта панкратионнан Владимир Зборовскийді еске алуға арналған «Алтын Дулыға кубогына» қатысуды ұсынды. Бұл жарыста бәрін мерзімінен бұрын жеңіп, финалда Омбының бірінші нөмірін ұттым. Өмірімде алғаш рет белбеу иелендім. Кейін қоян-қолтық ұрыстан Ресей чемпионатына қатысып, екі матчта жеңіп, финалдағы қарсыласым жарақатына байланысты жарысқа шықпады. 2018 жылы панкратионнан Ресей чемпионатында үш жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіп, турнирді жеңіп алдым. Ол кезде Петя UFC-мен келісімшарт жасасты, ол мені дебютіне дайындық кезінде спарринг-әріптес ретінде шақырды. Tiger Muay Thai-да жиын өткіздік, сол жақта кәсіпқойлармен спаррингке шығып, олардан кем емес екенімді түсіндім. UFC-дегі жекпе-жегінен кейін Петя маған аралас жекпе-жектен кездесу іздей бастады. Уралда RCC Intro ұйымы бар, сол жақта дебютімді өткіздім.

- Кәсіпқой ММА-дегі екінші жекпе-жегіңізде неліктен жеңіліп қалдыңыз?

- Маған күтпеген жерден жекпе-жекке шығуды ұсынды, мен келісім бердім. Сол кезде әр жекпе-жекке асығыс шешім қабылдамай, байыпты дайындалу керек екенін түсіндім. Содан кейін маған «Архангел Михаил» клубы келісімшарт ұсынды, мені бірінші жекпе-жектен кейін байқаған. Бұл да рөл ойнады, өйткені мен адамдарға жоқ дегім келмеді.

- Жақында Қазақстанға келіп кетіпсіз. Оның себебі не?

- Жалпы, маған Александр Сарнавскийдің Абдул-Азизге қарсы жекпе-жегі ұнады. Оның қорғанысы маған қатты әсер етті, мен оның Артем Резниковпен және Георгий Кичигинмен бірге дайындалып жатқанын білдім. Instagram-да Резниковпен сөйлесіп, оқу-жаттығу жиынына барғым келетінін айтты. Ол: «Проблема жоқ!» деді. Келген кезде бізді Arlan MMA Pro Team командасының директоры Дархан Бәкенов қарсы алды, ол бізге спортзал Алматы жекпе-жек академиясын көрсетті.

- Сол кезде күрестегі шеберлігіңізді арттыра алдыңыз ба?

-Иә, әрине. Маған Резников пен Кичигин көп көмектесті, сондықтан мен өзіме көп нәрсе алдым. Жалпы, маған бәрі ұнады, болашақта мен тауларда - AIBA-ға барғым келеді, сол кезде толық лагерь болады. Мен жазға жақын Алматыға тағы барамын деп ойлаймын. Менің білуімше, осы уақытта Артём дайындалады және ол күресте өте мықты.

- Қазақстанды Отаныңыз деп санайсыз ба?

- Алматыға барған соң тауда серуендеп, өзіме керек жерге келгенімді түсіндім. Осы жақтан екенімізді сезіндім.

- 23 ақпанда RCCIntro-да Борис Медведевке қарсы жекпе-жек өткізесіз. Кездесуге дайындығыңыз қалай өтті?

- Дайындықтың бірінші кезеңін Омбыда, екіншісін Алматыда, үшіншісін өз клубымда өткіздім. Салмағым жақсы, физикалық тұрғыда қалпымдамын. Сондықта, 23 ақпанда жақсы жекпе-жек болады деп ойлаймын.

- Болашақта UFC-ге ауысу жоспарда бар ма?

- Егер мұндай мақсат болмаса, онда ММА-ге келмеу керек деп есептеймін. Кез келген спорт түрінен өзіңе жоғары мақсат қойып, соған ұмтылу керек. UFC-ге ауысу - мақсатым, оның үстіне менің досым осы ұйымның чемпионы. Менің ойымша, ол жаққа бару мүмкіндігім үлкен, сондықтан мен күн сайын өзімнің күшті және әлсіз жақтарым бойынша жұмыс істеймін.

Фото:<span> </span>Ілияс Хамзиннің парақшасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или