Қысқы

«Атқаратын жұмыс өте көп». Бас бапкер конькимен жүгіруден әлем чемпионатын қорытындылады

«Атқаратын жұмыс өте көп». Бас бапкер конькимен жүгіруден әлем чемпионатын қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша әлем біріншілігі мәресіне жетті. Бұл сынға Дмитрий Бабенко баптайтын қазақстандықтар да қатысқан болатын. Бас бапкер әлемдік доданы қорытындылап, спортшылар нәтижесіне өз бағасын берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Ең алдымен біздегі жарыс маусымының тоқтап қалмай, уақытылы өткізілгенінен қатты қуаныштымыз. Әлемдік жарыстарға дайындық кезеңі өте қиын жағдайда өтті. Қажетті жаттығу әдістерін пайдалана алмадық. Десе де, біз әлем чемпионатына жеңіп алған жолдамалар саны жөнінен рекорд орнаттық. Соңғы 20 жылда біздің команда сапынан мұнша спортшы әлем чемпионатына қатыспаған.

Сондықтан, әлем біріншілігі біз үшін сәтті өтті деп есептеймін. 1500 метрге жарысудан Екатерина Айдова мен Надежда Морозова ондыққа енді. Демьян Гаврилов, Дмитрий Морозов пен Виталий Щиголев командалық жарыста алғашқы алтылықтан көрінді. Аталған үш спортшы да 1500 метрге жарысудан ТОП-16 қатарынан орын алды.

Нәтиженің жақсарып келе жатқаны қуантады. Бірақ әлі де атқаратын жұмыс өте көп. Келесі маусымда, яғни, Олимпиада маусымында конькишілер жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшімізді саламыз», - дейді Бабенко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер