NFC басшысы Қуат Хамитовті сынға алды

NFC басшысы Қуат Хамитовті сынға алды

Naiza Fighting Championship промоушенінің негізін қалаушы Нұрбек Қарабала Қуат Хамитов пен Фаниль Рафиковтың төңірегінде өрбіген дау жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, 29 қаңтарда NFC-28 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін лиганың жаңа чемпионы Фаниль Рафиков Қуат Хамитовты жекпе-жекке шақырған. Кейін NFC президенті Нұрбек Қарабалаев Қуатпен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуден кейін Қарабалаев NFC Хамитов пен Рафиков арасында жекпе-жек ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеді.

Ал Хамитов өз кезегінде Рафиковтің деңгейі төмен файтер екенін айтып, оның командасы пиар жасап отыр деп мәлімдеді. 

Бүгін Нұрбек Қарабала инстаграмдағы парақшасында былай деді:

— Ол талап еткен ақшаны біз төлей алмаймыз. Сондықтан екеуінің арасында жекпе-жек ұйымдастыру мүмкін емес. Ондай ақшаға бірнеше спортшыны бір жыл бойы дайындауға болады. Бірнеше күн бұрын Қуат маған басқа компаниядан ұсыныс түскенін айтты. Мен жарайды дедім. Кейін ол инстаграмда біздің лигада өнер көрсетпейтінін жазды. Біз Қуат басқа компанияның ұсынысын қабыл алды деген тұжырымға келдік. Ал одан кейін Фаниль Рафиковқа, және біздің лигаға тіл тигізген посты шықты.

Осы сәтті пайдаланып Қуатқа айтқым келеді: Егер маған, біздің ұйымға қарсы айтарын болса, жеке хабарлас. Қоңырауға жауап бер. Сен тіпті, телефоныңды көтермейсің. Одан да кездесу ұйымдастыр. Мен келемін, бәрін талқылаймыз. Соңғы жазбаңа дейін біз сенімен келісімшарт жасап, NFC-де жекпе-жек ұйымдастырғымыз келді. Бәріңе тіл тигізіп, біреуді балағаттап, көпшілік алдында қаһарман болып көрініп, ақша табудың жолы осы екен деп лас тірліктермен айналысу- еркектің ісіңе жатпайды - деді Нұрбек Қарабала. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или