«Өзін қыз сияқты ұстайды». Фанил Рафиков Қуат Хамитовке жауап берді
Қазақстандық файтер Фаниль Рафиков Қуат Хамитовке жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бір кездері әйгілі файтер болып, қазір саясаткер-сымақ ақымақтық жазды. Бұл ақымақтықта ол жасырын түрде командамның - Dar Team-нің намысына тиюге тырысты. Бұдан былай біздің команданы атаушы болма!
Жекпе-жекке шақырғанымда мен оған спортшы ретінде қарадым, ол өзін қыз сияқты ұстайды. Бірде бір қолмен күресуге дайын екенін, кейін NFC-де жекпе-жекке шықпайтынын жазады. Бұл «кейіпкер» басындағы ойын анықтай алмай жүрген сияқты. Мен оның деңгейінде емес екенімді айтты, ол файтер ретінде менен мықтымен деп санайды. Егер ол тек өз деңгейіндегі файтерлермен жекпе-жек өткізеді деп есептесек, онда соңғы қарсыласы арқылы біз осы файтер-сымақтың деңгейін дәл түсіне аламыз.
Осындай жекпе-жектермен өзінің рекордын қалыптастырды (кейінгі қарсыласы - дебютант), ол пешке жіберер алдында үстіне алма қойған «қаз» сияқты. Біз көп сөйлесе аламыз, бірақ бұл мәселе октагонға кірген кезде ғана шешіледі. Сондықтан менің ұсынысым күшінде. Егер талқылау қажет конструктив нәрселер болса, мен дайынмын. Бірақ менің командам туралы олай айтудың қажеті жоқ. Жекпе-жекке шақырған мен.
P.S. Соңғы уақытта ұлтшылдық бойынша негатив көп келіп жатыр. Біздің спорттың жанкүйерлерінің көбі біздің жекпе-жегімізді көруге қуанышты екенін, бізді шын жүректен қолдайтын ой-саналы адамдар екенін білемін және бұл үшін мен оларға шексіз ризамын. Әлеуметтік желілердегі кейбір «жағымсыз кейіпкерлердің» арандатушылық әрекеттеріне берілмеуіңізді сұраймын. Алға, Қазақстан», - деп жазды Рафиков Instagram-парақшасында.