Херенвен-2021: Конькимен жүгіруден қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Херенвен-2021: Конькимен жүгіруден қазақстандық спортшылардың нәтижесі

<span>Бүгін Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты мәресіне жетті. </span>

<span>Назарларыңызға соңғы жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз.</span>

<span>5000 метрге жарысқан әйелдер арасында Надежда Морозова 11-ші орыннан көрінді. Ол аталған қашықтықты 7 минут 23:599 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған нидерландтық Ирен Шоутеннен 35.06 секундқа қалып қойды.  </span>

<span>Ал 1500 метрге жарысқан ерлер арасында қазақстандықтар Демьян Гаврилов 13-ші, Виталий Щиголев 14-ші, Дмитрий Морозов 16-шы орын иеленді. Аталған сында Нидерланд құрамасының спортшылары жүлделі үш орынды өзара бөліскен. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или