Қысқы

Биатлоннан әлем кубогының соңғы үш кезеңі Швецияда өтеді

Биатлоннан әлем кубогының соңғы үш кезеңі Швецияда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан әлем кубогының соңғы үш кезеңі Швецияның Эстерсунд қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық биатлон одағының (IBU) баспасөз қызметі хабарлады. Әлем кубогының соңғы кезеңдері 15-21 наурызға жоспарланған. Ал Чехияның Нове-Место аймағындағы сегізінші және тоғызыншы кезең 1-14 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетелік, Норвегия коронавирусты инфекцияға байланысты шаңғы жарысы мен биатлоннан әлем кубогы кезеңдерін қабылдаудан бас тартқан болатын.

«Наурыз айында өтетін финалдық кезеңдер IBU қатаң бақылауында болады. Өйткені, қатысушылар мен ұйымдастырушылардың денсаулығы біз үшін маңызды», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер