Мәнерлеп сырғанаудан ел кубогы: Алғашқы тур жеңімпаздары анықталды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі аяқталды.
Назарларыңызға турнирде топ жарған спортшылар есімін ұсынамыз.
Қыздар арасындағы бәсекеде қарағандылық Полина Лобинцева жеңіске жетті. Күміс және қола жүлдені тиісінше алматылықтар Анастасия Лобанова мен Богдана Ракишева иеленген.
Ерлер арасында елордалық Диас Жиренбаев топ жарды. Күміс медальді қарағандылық Дмитрий Карпухин, қоланы алматылық Симон Гейко еншіледі.
Жасөспірім ұлдар арасында алматылық Артур Смағұлов қара үзіп кетті. Екінші және үшінші орында шымкенттік Олег Мельников пен қарағандылық Никита Кривошеев.
Жасөспірім қыздар арасында шымкенттік Карина Иссаковаға тең келер ешкім болмады. Күміс жүлдені Шымкент қаласының тағы бір өкілі Айғана Сансызбаева, қоланы елордалық Милена Семкова жеңіп алды.