UFC 258: Камару Усман Гилберт Бернсті нокаутқа жіберді
Лас-Вегаста (Невада) UFC 258 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде нигериялық Камару Усман (18-1) мен бразилиялық Гилберт Бернс (19-4) кездесті.
Бұл жекпе-жекте қазіргі чемпион Усман жеңіске жетті. Ол қарсыласына еш мүміндік берген жоқ. Тіпті үшінші раундта Бернс шаршай бастағанда, Усманның қарқыны бұрынғыдан да арта бастаған.
Осылайша, 33 жастағы Усман мансабындағы 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар чемпиондық белбеуін қатарынан үшінші мәрте сәтті қорғап отыр. Ал 34 жастағы Бернс мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, Бернс соңғы жекпе-жегін 2020 жылы мамырда өткізді. Аталған кеште ол Тайрон Вудлиді төрешілердің шешіммен жеңген болатын.
Ал Камару Усман былтыр 12 шілдеде америкалық Хорхе Масвидальді жеңген.