UFC 258: Камару Усман Гилберт Бернсті нокаутқа жіберді

UFC 258: Камару Усман Гилберт Бернсті нокаутқа жіберді

Лас-Вегаста (Невада) UFC 258 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде нигериялық Камару Усман (18-1) мен бразилиялық Гилберт Бернс (19-4) кездесті.

Бұл жекпе-жекте қазіргі чемпион Усман жеңіске жетті. Ол қарсыласына еш мүміндік берген жоқ. Тіпті үшінші раундта Бернс шаршай бастағанда, Усманның қарқыны бұрынғыдан да арта бастаған.

Осылайша, 33 жастағы Усман мансабындағы 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар чемпиондық белбеуін қатарынан үшінші мәрте сәтті қорғап отыр. Ал 34 жастағы Бернс мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Бернс соңғы жекпе-жегін 2020 жылы мамырда өткізді. Аталған кеште ол Тайрон Вудлиді төрешілердің шешіммен жеңген болатын. 

Ал Камару Усман былтыр 12 шілдеде америкалық Хорхе Масвидальді жеңген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или