«Миллиардтан асады». ҚФФ клубтардың бюджетін көбейте алды

«Миллиардтан асады». ҚФФ клубтардың бюджетін көбейте алды

Prosports.kz сайтының мәліметі бойынша, Қазақстан футбол федерациясы әкімдіктер клубтарға бөлетін бюджетті көбейте алды. 

ҚР билігі клуб бюджеттеріне берілетін максимал соманы 800 миллионнан 1,2 миллиард теңгеге өсірді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой спортқа кететін мемлекеттік шығындарды азайту керегін айтқан болатын. Шенеуніктер футбол клубтарына бөлінетін мемлекеттік ақшаны жылына 800 миллион теңгеге дейін қысқартуды ұсынған. Қазынадан осы мөлшерден артық беруге тыйым салынған болатын.

Алайда бұл туралы еш жерде ресми түрде жарияланбаған. Соған қарамастан, барлық клубтың бюджеті қысқарды - оларға әдеттегіден әлдеқайда аз ақша берілді. Әсіресе, «Жетісудағы» жағдай нашар. Команданың барлық легионері мен көптеген қазақстандық футболшысы кетті, Бірінші лигада және футзалдан Қазақстан чемпионатындағы команда жабылды. Басқа ҚПЛ клубтарында да жағдай осындай.

<h4>Қазақстандағы кәсіби клубтардың бюджеті екі есеге қысқарады</h4> <h4>Аружан Саин: Легионерлер біздің спортта қаптап жүр</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или