Басқа

Қазақстандағы кәсіби клубтардың бюджеті екі есеге қысқарады

Қазақстандағы кәсіби клубтардың бюджеті екі есеге қысқарады
news-banner7
mobile-news-top

Министр Ақтоты Райымқұлова Тоқаевтың кәсіби спорт клубтарына қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Спутникке» сілтеме жасап.

Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға мемлекеттен 55,5 миллиард теңге бөлінеді. Енді қаржыландыру көлемі екі есеге қысқартылмақ. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

Мәжілістің жалпы отырысында дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасы қаралды.

Сұрақ-жауап барысында депутаттар спорт министрінен президенттің кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен қаржыландыруды қысқартуға қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқанын сұрады.

"Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, үлкен талдау жұмысын жүргіздік. Сіздер білесіздер, қазір елімізде 98 кәсіби клуб бар. Олар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Кейбірі ұлттық компаниялардың демеушілік ақшасына, жеке кәсіпкерлердің қаржысына қамтамасыз етіледі. Мұқият талдаудан кейін осы клубтарды қаржыландыруды барынша азайтуға қатысты бірнеше ұсыныс жасадық. Сондай-ақ, спортшылар, жаттықтырушылар мен осы клубтардың өзге де қызметкерлерінің айлығы бойынша бірыңғай сетка құру жоспарда бар", - деді Райымқұлова.

"Кәсіби клубтарға 55,5 миллиард теңге, оған қоса "Астана" президенттік кәсіби спорт клубына 27 миллиард теңге бөлінеді", - деп жауап берді Райымқұлова.

Министр талдау нәтижесі бойынша спорт клубтарын жылдық қаржыландыру екі есеге дейін төмендетілетінін атап өтті. Қазір тиісті ұсыныстар үкіметтің қарауында жатыр.

Қысқарту нәтижесінде 22,2 миллиард теңге бұқаралық спортты дамытуға жұмсалады. Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдар жаппай спортқа 14,7 миллиард теңге бөліп қойған

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер