Басқа

Аружан Саин: Легионерлер біздің спортта қаптап жүр

Аружан Саин: Легионерлер біздің спортта қаптап жүр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасындағы балалар істері жөніндегі уәкіл, белгілі тележүргізуші және қоғам қайраткері Аружан Саин Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында елдегі кәсіби спортқа бюджеттік қаржыландырудың қысқарғанын нақты айтты.

- Премьер-Министрдің орынбасарына жолдаған үндеуіңізге қарап, сіз «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданған заңды толық қолдайсыз, оған сәйкес кәсіптік спортты бюджеттен қаржыландыру айтарлықтай қысқара ма?

- Бұл заңды әзірледік, оны Мәжіліске енгіздік, сол үшін күрестік. Мен Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллинге, Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министр Ералы Тоғжановқа және оның командасына заңның тезірек қаралып, қабылданғаны үшін өте ризамын.

Бізге қысым көрсеткендер болды, олар заңның қаралуына кедергі жасауға тырысты. Аталмыш заң бойынша, секциялар мен үйірмелердегі балалардың қызметін мемлекеттік бюджет есебінен, яғни салық төлеушілер есебінен қаржыландырылады. Сондықтан, әрине балалар істері жөніндегі уәкіл ретінде мен бұл заңды толық қолдаймын. Білім беру, балаларды тәрбиелеу, спорт пен өнер кез-келген мемлекет үшін басымдық болып табылады. Заң осы жылдың 2021 жылы 1 мамырда күшіне енеді.

- Шынымды айтсам, мен де заңды толық қолдаймын. Десек те, бәрі кезең-кезеңімен іске асқан дұрыс деп ойлаймын. Мемлекеттік қаржыландыруды кеңінен қысқарту көптеген командалардың ғана емес, сонымен бірге ондаған жылдар бойы тек мемлекет есебінен өмір сүрген бүкіл спорт түрлерінің қаржысыз қалуына әкеледі деп ойламайсыз ба?

- Бәрі сіз айтқандай болып жатыр. Біз кәсіпқой клубтарды мемлекеттік қаржыландыруға және оған толықтай тыйым салуды талап етпейміз, бюджеттік қаражатты бөлудің негізі анықталды (жылына 800 миллион теңге - футбол және хоккей клубтарына, 300 миллион - басқа командалық спорт түрлері үшін - Posports.kz ). Мен үшін бұл тым көп, бірақ сіз үшін аз секілді.

- Биыл кейбір клубтардың бюджеті 3-4 есе қысқарды, демек олардың көбісі қаражатсыз қалды..

- Адам ағзасын алайық, оның қалыпты жұмыс істейтін мүшелері бар, ал паразиттік және қалыпты жұмысқа кедергі жасайтындар да бар. Мен бүкіл денені сақтау үшін хирургиялық араласуды қалаймын. Содан кейін бүкіл әлемде кәсіби клубтар бизнес болып табылады. Лайықты команда әрдайым инвестиция, демеушілерді табады және ақысын төлейді немесе өмір сүруін тоқтатады.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстанда кәсіби спортты қаржыландырудың бұрыннан бар схемасы өзін-өзі ақтамады және көптеген клубтар негізсіз көп қаражатқа ие болып отырды ма?

- Бұрынғы тәжірбие дұрыс болса, жетістік қайда?

- Біздің елдегі жүз мыңдаған жанкүйерлердің қаһарына ұшыраудан қорықпайсыз ба?

- Мен қанша жауым бар екенін және өз бастамаларымды жақсы түсінемін. Өзім айтқанымдай, мен жанкүйер емеспін, бірақ менде интуициям бар және спортпен айналысатын балалардың жаттықтырушыларымен және ата-аналарымен сөйлесу тәжірибием мол.

Менің ойымша, біздің жанкүйерлер шетелдік клубтарды қолдайды. Біздің клубтарға неге бүйрек бұрмайды? Мен зерттедім: барлық командаларда легионерлер қаптап жүр. Оларды шын жүрегіңмен қолдай аласыз ба? Африкалық легионерлер жоғары жалақы алады, ал біздің жергілікті жігіттер құрамға іліге алмай жүр.

- Бұрыннан қалыптасқан жүйені бұзғыңыз келетінін түсінесіз бе? Міндетті түрде кездесетін қатал қарсылыққа дайынсыз ба?

-Адамдар маған онсыз да мен үшін қорқатындарын жазады. Бірақ мен өзім ... Мен бұл идеяға сенемін, халықтың игілігі үшін еңбек етіп жүрмін. Қаражат ысырап болмаса, балалардың спортпен еркін айналысуына жол ашылса деген ниет қой.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер