Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстандық шаңғышы 20-орын алды

Вуокатти (Финляндия) қаласында шаңғымен жарысудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясында спринт бәсекесі аяқталды.
Ерлер арасында фин спортшысы Ниило Мойланен жеңіске жетті. Екінші орында норвегиялық Ларс Агнар Хьелмесет. Үшінші сатыда швециялық Эмиль Даниэльсен.
Қазақстан сапында үздік нәтижені Дидар Қасенов тіркеді. Ол мәреге 34-ші болып жеткен. Ілияс Исабек 53-ші, Темірлан Рамаш 62-ші, Рамиль Шамсутдинов 78-ші орында.
Әйелдер арасында алтын жүлдені польшалық Моника Скиндер иеленген. Күміс швециялық Моа Ханссонның, қола тағы бір польшалық спортшы Каролина Калетаның еншісінде.
Қазақстандық Айша Рақышева жарысты 20-шы орынмен аяқтады. Мария Геращенко 66-шы, Лаура Киныбаева 67-ші, Елизавета Толмачева 71-ші орында.