EFC 33: Исатай Теміров Расул Маммаевтан жеңілді
Қазақстандық файтер Исатай Теміров (9-3-1) EFC 33 турнирінде өнер көрсетті, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Ресей астанасында өтіп жатқан кеште жерлесіміз ресейлік Расул Маммаевпен (10-3) кездесті. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек (77,1 келі) үш раунд созылып, төрешілердің шешімімен ресейлік спортшы жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық файтер мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Ал Маммаев мансабындағы 10-жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или