Қысқы

Паралимпиаданың тұңғыш және жалғыз қазақстандық чемпионы допинг қолданғаны үшін үш жылға шеттетілді

Паралимпиаданың тұңғыш және жалғыз қазақстандық чемпионы допинг қолданғаны үшін үш жылға шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық пара-шаңғышы Александр Колядиннің жарыстан тыс допинг-тесті оң нәтиже берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ұлттық допингке қарсы орталықтың мәліметінше, Қысқы Паралимпиада ойындарының алтын медалінің иегері мельдоний қолданған.

47 жастағы спортшы үш жылға - 2021 жылдың 13 қаңтарынан 2024 жылдың 13 қаңтарына дейін спорттан шеттетілді.

Естеріңізге сала кетейік, Колядин 2018 жылы Пхенчхандағы Қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол классикалық стильде 1,5 шақырымдық спринтте бірінші болып аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер