EAGLE Fighting Championship 33 турнирінің тікелей трансляциясы
Бүгін Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен EAGLE FC турнирі өтеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Калинин мен тәжік файтері Фаридун Одилов жұдырықтасады.
Бұдан бөлек кеш аясында төрт қазақстандық файтер октагонға шығады. Руслан Сәриев Мансур Малачиевке қарсы жекпе-жек өткізсе, Жасұлан Әкімжан Олег Петеримовпен жұдырықтасады. Ал Исатай Теміров Расул Маммаевпен кездессе, Акбар Таиров Константин Андрейцевпен қолғап түйістіреді.
Аралас жекпе-жек кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. Кешті «Матч ТВ»<span> </span>және «Хабар» арналары көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или