Йони Ортио Гагарин кубогына дейін қатарға қосыла ма?
«Барыс» хоккей клубының негізгі қақпашысы Йони Ортио 26 қаңтарда елордада өткен «Тракторға» қарсы ойында жарақат алып қалған болатын.
Елордалық клубтың баспасөз қызметі Prosports.kz тілшісіне финляндиялық қақпашының жарақатынан қалпына келу процесі туралы айтып берді.
- Өкінішке орай, жарақатынан қашан айығатыны жайлы нақты ақпарат әлі жарияланған жоқ. Барлығы оның қалпына келу барысына байланысты болады. Ортионың жарақат жағдайы қалай болатынын міндетті түрде жария етеміз, - деді клубтың баспасөз қызметі.
Қақпашы Гагарин кубогы басталғанға дейін алаңға шығуға дайын болуы мүмкін бе деген сұрақ сұраққа жауап болған жоқ.
Айта кетейік, Йони Ортио КХЛ тұрақты чемпионатында елордалық клуб сапында 32 матчқа қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или