Фристайл-акробатикадан әлем кубогы: Жанбота Алдабергенова үздік бестікке кірді

АҚШ-тың Дир-Вэлли бөктерінде фристайл-акробатикадан әлем кубогі жалғасуда. Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Жанбота Алдабергенова бесінші орынға ие болды деп жазады Olympic.kz.
<span>Іріктеуден сүрінбей өткен Жанбота алғашқы финалдық айналымда 83.79 ұпаймен үшінші орыннан көрініп, ақтық сынға жолдама алған алты спортшының қатарына енді. </span>
<span>Алайда, шешуші финалда Алдабергенова азулы қарсыластарынан оза алмады. Ол 71.92 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді. </span>
<span>Бұл бәсекеде австралиялық Даниель Скотт топ жарды (93,86). Екінші және үшінші орындарды тиісінше америкалықтар Уинтер Винецки (87.77) мен Кайла Кун (74.82) өзара бөлісті. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или