Қысқы

Дмитрий Рейхард фристайл-могулдан әлем кубогында алтыншы орын алды

Дмитрий Рейхард фристайл-могулдан әлем кубогында алтыншы орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан АҚШ-та өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын жеңімпаздары анықталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Дмитрий Рейхерд жүлдесіз қалды деп жазады Olympic.kz.

Ерлер арасындағы ең басты финалға жолдама алған Рейхерд шешуші сәтте қателікке бой алдырып, 74,19 ұпаймен алтыншы орын иеленді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Павел Колмаков тоғызыншы сатыда. Бұл бәсекеде канадалық Микаэль Кингсбери (88,10) жеңіске жетті. Екінші орында франциялық Бенджамен Кавэ (86,25), үшінші сатыда австралиялық Мэт Грэм (84,44).

Әйелдер арасындағы сында Юлия Галышева бесінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер