ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда «Металлургтен» жеңілді

ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда «Металлургтен» жеңілді

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті турында «Металлург» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Магнитогорск қаласында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапынан Анджей Нестрашил, Михаил Пашнин және Николай Голдобин гол соқты. Ал қонақтардың жалғыз шайбасын Кирилл Панюков соқты.

Осылайша, елордалық клуб қатарынан үшінші ойында жеңілді.

Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 5 ақпанда "Сибирьге" қарсы өткізеді.

«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)

Шайба соққандар:

0:1 — 23:47 Панюков (Линтуниеми). 

1:1 — 31:10 Нестрашил (Бек, Кулемин). 

2:1 — 46:41 Пашнин (Кошелев).

3:1 — 54:18 Голдобин (Бек, Расмуссен). 

Қақпашылар: Олкинуора — Карлссон

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или