Қысқы

Хоккейден әлем чемпионатының барлық матчы Латвияда өтеді

Хоккейден әлем чемпионатының барлық матчы Латвияда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты толығымен Латвияда өтеді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Хоккейден әлем чемпионатындағы матчтардың барлығы да Ригада өтеді. Алғашында біріншіліктің Минск пен Ригада ұйымдастыралытыны хабарланған. Алайда, 18 қаңтар күні IIHF кеңесі Беларусь астанасында чемпионат өткізуден бас тартты.

Әлем чемпионатындағы матчтардың басым бөлігі «Арена Ригада» өтеді. Атап айтар болсақ, мұнда В тобындағы барлық ойындар, екі ширек финалдық матч, жартылай финалдық кездесулер, үшінші орын үшін кездесу және ақтық сын өткізу жоспарланған. Қалған кездесулер алты мың адамға арналған Олимпиадалық спорттық орталықта ұйымдастырылады.

"IIHF кеңесі сейсенбі күні өткен отырыста әлем чемпионатын өткізудің түрлі нұсқаларын қарастырды. Нақтылай түсер болсам, биылғы біріншілікті Латвияда, Латвия мен Данияда және Латвия мен Словакияда өткізу мәселелері талқыланды. Нәтижесінде, кеңес мүшелері әлемдік доданы бір мемлекетте өткізген дұрыс деген тоқтамға келді", - дейді IIHF президенті Рене Фазель. Айта кетелік, хоккейден әлем чемпионаты 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында өтеді. Латвия әлемдік доданы осымен екінші рет қабылдамақ. Алғаш рет мұнда 2006 жылғы әлем біріншілігі өткізілген болатын. Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия және Италия командаларымен бірге "В" тобында сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер