«Жетісу» қыздар командасы биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтеді
Биыл қазақстандық спорт сүйер қауымға жақсы таныс «Жетісу» қыздар волейбол командасының құрылғанына 20 жыл толы, деп жазады Prosports.kz.
Команда 2001 жылы, облыс басшылығының қолдауының арқасында құрылды.
Екі онжылдық тарихында талдықорғандық команданың қалай дамып келе жатқаны барша жанкүйерге белгілі. Бастапқыда команда турнирлік кестесінің соңында жүрді, бірақ ол маусымнан маусымға өсті. «Жетісу» жүзден астам матчты жеңіліссіз өткізген кезең болды.
Жетісу командасының капитаны Ольга Данченко 2000 жылдары «Глотурда» ойнаған жас спортшылар қолдаусыз қалғанын айтады.
- Мен «Глотур» командасында ойнадым. Бірақ клуб банкротқа ұшырады және біз не істерімізді білмедік. Ол кезде біз 16-17 жаста едік, бұл біз үшін спорттық мансаптағы қиын сәт болды. Сол кезде Амандық Баталов бізге көмек қолын созып, «Жетісу» командасына қосылуды ұсынды. Бізді жатақханамен қамтамасыз етіп, Талдықорған қаласына алып келді. Сол күннен бастап біздің үздік кезең басталды», - деп еске алады ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ольга Данченко команданың алғашқы кезеңінен бастап өнер көрсетті. Оның отбасындағылардың барлығы спортпен айналысады. Ұзын бойлы, еңбекқор қызды әйгілі жаттықтырушы Нелли Щербакова бірден байқады. Осылайша жас спортшының кәсіби мансабы басталды.

«Жетісу» волейбол клубы бірнеше рет жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Команда - әйелдер командалары арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, Қазақстан Республикасы кубогының 8 дүркін жеңімпазы, ҚР Суперкубогының 2 дүркін жеңімпазы, Республикалық Спартакиаданың күміс жүлдегері, Ұлттық Лига командалары арасындағы Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасы Спартакиадасының чемпионы, Қазақстан Чемпионатының 7 дүркін күміс жүлдегері, Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері, Хошимин қаласында (Вьетнам) өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының қатысушысы, Қазақстан құрамасы сапында Гуанчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан құрамасы қатарында Гран-при чемпионы, клубтар арасындағы Азия чемпионатында 5-орын алған, World Grand P чемпионы.
Әр матч өзінше есте қалады, дейді команда мүшелері. Алеся Сафронова былтыр Талдықорғанда өткен Суперкубок матчын ұмыта алмағанын айтады. Оның айтуынша, жанкүйерлердің қызу қолдауы команданы жеңістерге жетелейді.

Алеся Сафронова командаға 2018 жылы ауысып келген. Бұған дейін ол түрік суперлигасында ойнаған. Волейболшының айтуынша, бойының биіктігі мен дене бітімі лайық болғандықтан, оған модель болуды жиі ұсынған, бірақ ол спортты таңдаған.
- Волейбол - бұл командалық жұмыс. Біз әрдайым жұмыс істеп, әр жарыста, әр турнирде кеткен қателіктерді сараптаймыз. Біздің барлық матчты талдайтын білікті жаттықтырушылар құрамы бар. Олар біздің әлсіз жақтарымызды көрсетеді, содан кейін біз барлық минустарды плюсқа айналдыру үшін күндіз-түні жұмыс жасаймыз. Команданың атмосферасы өте жақсы. Біз үлкен, тату отбасы секілдіміз. Көп уақытты қыздармен өткіземіз, сондықтан жақсы қарым-қатынастамыз. Біз жанкүйерлерімізді қатты сағындық, коронавирус аяқталады және біз сүйікті жанкүйерлердің көз алдында өнер көрсетеміз деп үміттенемін, - деді Алеся Сафронова.
«Жетісу» волейбол клубы көптеген жас және талантты спортшылар үшін өзін-өзі тануға мүмкіндік берді. Мысалы, Татьяна Никитина 19 жасында еліміздегі ең үздік команданың бірінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
- Мен өзім Талдықорған қаласынанмын. Волейболмен 12 жасымнан бастап айналыстым. Содан бері менің мақсатым «Жетісуда» өнер көрсету болды. Қажырлы еңбектің арқасында арманыма жеттім. Бұл жетістікпен тоқтап қалмаймын, әркезде алға басамын. Біздің команда әлемдік аренада еліміздің әнұраны шырқалуы үшін бәрін жасайды», - дейді Татьяна Никитина.

Қазіргі құрам, алдыңғы спортшылар сияқты, өте жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Ольга Данченко, Алеся Сафронова, Екатерина Жданова, Әлия Садықова, Наталья Акилова, Ирина Кузнецова, Татьяна Машкова, Татьяна Никитина, Валерия Чумак, Надя Кодола, Алия Баткулдина, Иона Палацио, Июниеска Роблес, Томирис Сағымбаева - бұлар болашақ чемпиондар.
Әрине, клубтың дамуына Бурхан Саик Жанболат, Валера Беленков, Денис Иссаев қатарлы жаттықтырушылардың қосқан үлкен үлесін де естен шығаруға болмайды.
Амандық Баталов мырза айтқандай, «Жетісудың» ойындары мен жеңістері аймақтағы спорттың одан әрі дамуына серпін береді. Еске сала кетейік, Амандық Баталов - волейболдан КСРО спорт шебері, осыдан 20 жыл бұрын «Жетісу» командасының негізін қалады.
Амандық Баталовтың бастамасымен волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу Кубогы» халықаралық турнирі ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушы командалар сапында белгілі ойыншылар - волейболды кеңінен насихаттауға айтарлықтай үлес қосқан еңбек сіңірген спорт шеберлері өнер көрсетті. Осындай жоғары деңгейдегі турнир өткізу елде және аймақта волейболдың одан әрі дамуына оң әсер етті.

Волейбол - олимпиадалық спорт түрі, әрі Алматы облысында өте дамыған спорт. Мектептерде волейболдан сабақ өтіледі. Бір сөзбен айтқанда, волейбол - Жетісудағы ең танымал спорт түрі.
Айта кету керек, облыста бірінші рет бұқаралық спортты дамыту үшін 500 миллион теңге бөлінді. Бұл өңірде спортпен кәсіпқойлар ғана емес, әуесқойлардың да айналысуына мүмкіндік туғызды.
Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын орындау мақсатында облыста сегіз спорттық-сауықтыру кешенін салу жұмысы басталды. Аймақ басшысы Амандық Баталов бұл бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстың бастамасы ғана екенін айтады.