Мәнерлеп сырғанаудан Asian Open додасы Бейжің Олимпиадасына бақылау жарысы болып бекітілді

Мәнерлеп сырғанаудан Asian Open додасы Бейжің Олимпиадасына бақылау жарысы болып бекітілді

Халықаралық конькимен жүгіру одағы (ISU) Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға дейін сынақ жарыстары мәртебесін алған турнирлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

2020/21 маусымына жоспарланған сынақ турнирлері коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Мәнерлеп сырғанаудан 13-17 қазан аралығында өтетін Asian Open турнирі сынақ жарысы мәртебесіне ие болды.

8-10 қазанда Бейжіңде конькимен сырғанаудан халықаралық турнир өтеді, ал 21-24 қазанда әлем кубогі кезеңі аясында шорт-тректен тестілік жарыстар жоспарланған.

Айта кетерлігі, Бейжің Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или