Ербосынұлы ресейлік боксшы Шведенкомен кездеседі

Ербосынұлы ресейлік боксшы Шведенкомен кездеседі

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) кезекті жекпе-жегін жеңіліп көрмеген ресейлік Евгений Шведенкоға (15-0, 6КО) қарсы өткізуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, қазіргі уақытта келіссөздер белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жекпе-жек биыл көктемде АҚШ-та өткуі мүмкін екені де белгілі болды. 

Егер тараптар келісімге келе алса, боксшылар IBF тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық атаққа міндетті үміткерді анықтайды. Айдос бұл жекпе-жекке Англияда дайындалады.

Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанын айында өткізді. Онда отандасымыз ганалық Исса Самирді нокаутқа жіберген болатын. Ал Евгений Шведенко Санкт-Петербургте Артур Осиповты жеңді.

Садриддин Ахмедов бір жекпе-жекте үш титул жеңіп алды

Иван Дычко: Биылғы жоспар - бокс майданына оралу

Алматыда үлкен бокс кеші өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или