Шаңғы спорты түрлері бойынша Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр
<span>Шаңғы спортынан жастар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы дайындығы басталды. </span>
<span>Аталған дүниежүзілік біріншілік 2021 жылы 9-14 ақпан аралығында Финляндияның Вуокатти қаласында өтеді. Шаңғы спорты бойынша әлем біріншілігінде (шаңғы жарысы, шаңғы скандинавиялық комбинациясы, шаңғыдан секіру) ел намысын Олимпиадалық қысқы спорт түрлеріне дайындық орталығының спортшылары қорғайды.</span>
<span> Қазіргі уақытта спортшылар Щучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығында, ол жерде оқу-жаттығу жиындары өтіп, Әлем кубогының алдындағы дайындық кезеңін аяқтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшыларға әлем чемпионатына дайындалу және байрақты бәсекеге қатысу кезінде қолдау көрсетеді. </span>