Түркістанда спорт түрлерінен «Ұлттық мектеп лигасы» қайта жанданды

Түркістанда спорт түрлерінен «Ұлттық мектеп лигасы» турнирі қайта басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, коронавирус пандемиясы салдарынан командалық спорт сайыстары уақытша тоқтатылған еді.
Бүгін баскетболдан жарыстардың ашылу рәсімі өтті. Оған команда қатысып, бақ сынайтын болады.
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында футбол, баскетбол, гандбол, волейбол сынды спорт түрлерінен оқушылар арасында жарыстар өтеді. Мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жасөспірімдерге спорт мектебінен бапкер, кәсіби маман бекітілген. Әр мектеп командаларының өз логотипті мен ұраны бар. Командалар арнайы спорттық формалармен қамтамасыз етілген.
Жеңімпаз болған команда облыстық, республикалық, халықаралық мектеп оқушылары арасында спорттық жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайды. Наурыз айында облыстық чемпионатта әр аудан, қаладан үздік командалар өзара іріктеуге қатысып, сайыс жеңімпаздары анықталады», - деді облыс әкімдігінен.