Қысқы

Мақсат Шаранов: Биатлоншылар соңғы үш жылдағы нәтижені жақсартты

Мақсат Шаранов: Биатлоншылар соңғы үш жылдағы нәтижені жақсартты
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Антхольц аймағында биатлонан әлем кубогінің жетінші кезеңі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар эстафетадан ТОП-20 қатарына енсе, Елизавета Бельченко жекелей сында 36-шы орын алды. Бас бапкер Мақсат Шаранов Olympic.kz шағын сұхбат беріп, команданың кубоктік кезеңнен кейінгі жоспарымен бөлісті.

«Әне-міне дегенше, әлем кубогінің жеті кезеңі де артта қалды. Жаңа жылдан кейін команданың нәтижесі біраз жақсарды. Әсіресе, эстафетадан соңғы үш жылдағы көрсеткішті дұрыстадық. Антхольцта өткен жетінші кезеңде эстафетадан Қазақстан әйелдер командасы 14-ші, ерлер командасы 16-шы орыннан көрінді.

Негізі, біздің маусым алдындағы мақсатымыз басқа болатын. Уақыт өте келе, кубоктік жарыстарға бой үйретіп, бейімделдік. Спортшыларға көп рахмет. Жарыс кестесінің тығыздығына қарамастан, барын салуда. Оның үстіне, біздің командамыз өте жас екенін ұмытпаған жөн. Бүгін біз Польшаға жол тартамыз. 27-31 қаңтар аралығында Польшаның Душниках-Здруй аймағында биатлоннан Еуропаның ашық біріншілігі өтеді. Сол додада бақ сынаймыз.

Одан кейін Словенияның Поклюка қаласында өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Әлемдік жарыстың басталуына азғантай уақыт қалды. Сондықтан, бар күшімізді саламыз», - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, биатлоннан биылғы әлем чемпионаты 10-21 ақпан аралығында Словенияның Поклюка қаласында өтеді.

Ал әлем кубогінің 8-ші кезеңі наурыз айында Чехияның Нове Место аймағында жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер