Қысқы

Конькимен жүгіруден әлем кубогы. Екатерина Айдова үздік нәтиже көрсетті

Конькимен жүгіруден әлем кубогы. Екатерина Айдова үздік нәтиже көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде Екатерина Айдова кіші алтынға қол жеткізді деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

1000 метрге жарысудан "В" финалында сынға түскен аталған қашықтықты 1 минут 15.750 секундта жүгіріп өткен. Айдова былтырғы маусымға қатыспағандықтан, жаңа маусымды "В" тобында бастаған болатын. Бұл жеңісінен соң қазақстандық спортшы әлем кубогының келесі кезеңінде "А" тобында сынға түсу құқығына ие болды.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Екатерина Айдова 1500 метрге жарысудан кіші күміс медальға ие болған еді. Әлем кубогының келесі кезеңі де Херенвен қаласында өтетінін еске саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер