Хоккей

«Сарыарқа» бас бапкерін қызметінен қуды

«Сарыарқа» бас бапкерін қызметінен қуды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Сарыарқа» команданың бас бапкері Александр Соколовпен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Команданың бас жаттықтырушысы Александр Юрьевич Соколов қызметінен босатылды. Евгений Степанович Королев уақытша бас бапкер қызметін атқарады. Бас бапкерді тағайындау туралы шешім команданың сырттағы қонақтағы сериясынан оралғаннан кейін қабылданады», - делінген «Сарыарқаның» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қарағандылық клуб Александр Соколовқа жұмысы үшін алғыс айтты.

Қазіргі уақытта «Сарыарқа» 35 матчта 70 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатында үшінші орынды иеленіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер