Live
Спорттағы коронавирус
Бокс

Жанқош Тұраров қашан жекпе-жек өткізеді

Жанқош Тұраров қашан жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) шаршы алаңға оралатын күні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

30 жастағы спортшы келесі жекпе-жегін 12 наурызда Дубайда (БАӘ) өткізеді. Оның қарсыласы - британиялық боксшы Тайрон Маккенн (21-2-1, 6 КО). Бірінші жартылай орта салмақ санатындағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Айта кетейік, Тұраров соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтанда өткізді. Онда аргентиналық боксшы Мауро Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) үшінші раундта нокаутқа жіберіп, бірініш жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental титулына қол жеткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0