Ватерпол. Қазақстан құрамасы Мажарстаннан жеңіліс тапты

Италияда су добынан әйелдер командалары арасында Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтіп жатыр. Prosports.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып, қазақстандық команданың нәтижесін ұсынады.
<span> Екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы Венгрияға қарсы ойнады. Нәтижесінде, қазақстандық команда 6:23 есебімен қарсыластарынан жеңіліп қалды. Ел құрама сапынан Дарья Рога, Анастасия Мураталиева (2), Анастасия Еремина, Виктория Хританкова және Анна Турова қарсылас қақпасына гол салып, көзге түсті. </span>
<span>Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу жарысының бірінші кездесуінде Грекия құрамасына жол берген болатын. Ел құрамасының ендігі қарсыласы Израиль құрамасы болмақ. </span><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или