Сергей Морозов - Умар Нурмагомедов жекпе-жегінің статистикасы жарияланды
UFC аралас жекпе-жек лигасы 20 қаңтарда Абу-Дабиде өткен UFC on ESPN 20 турнирі аясында қазақстандық Сергей Морозов пен ресейлік Умар Нурмагомедов жекпе-жегінің статистикасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz UFC.com сайтына сілтеме жасап.
Нурмагомедов барлық негізгі статистика бойынша Морозовтан асып түсті: жалпы соққылар бойынша 32-8, маңызды соққылар бойынша 25-7 және тейкдаундар: 5-0.
Сергей Морозов өзінің барлық маңызды соққыларын қашықтан жұмсаса, Умар Нурмагомедов те 18 соққысын қашықтан, 6-н клинчте және біреуі партерде жұмсаған.
Еске салайық, Морозов пен Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек екінші раундта Нурмагомедовтың тұншықтыру әдісімен аяқталды.
Фотосурет: Trendsmap.coм
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или