Беларусьтегі әлем чемпионаты өтпейді

Беларусьтегі әлем чемпионаты өтпейді

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізетін елдің бірі Беларусьті тізімнен шығарып тастады.

Айта кетейік, дүбірлі дода биыл Беларусь астанасы - Минск, Латвия астанасы - Рига қалаларында 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізілуі тиіс болатын.

Әлемнің көптеген мемлекеттері мен демеушілер Беларусьтегі саяси жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты оны тізімнен алып тастау жөнінде ұсыныс білдірген. Осыған орай халықаралық шайбалы хоккей федерациясы нақты шешім қабылдады.

Аталған ұйым әлем чемпионатының финалдық кезеңі Беларусьте өтпейтінін мәлімдеді. Ендігі кезекте Латвия дүбірлі доданы жалғыз өткізу жөнінде ниеті жасап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или