Командалық

Сабина Алтынбекова қай клубқа ауысады

Сабина Алтынбекова қай клубқа ауысады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жаңа клуб ауысу туралы шешім қабылдады. Ол өзінің бұрынғы командасы БАӘ-нің "Әл Уәсл" клубына оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта волейболшы дубайлық командамен келіссөз жүргізіп жатыр. Алтынбекова «Әл Уәсл» сапында 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың маусымына дейін ойнады. Артынша италиялық "Касертаға" ауысқан, бірақ команданың қаржылық мәселелеріне байланысты дебют жасай алмады. Ал пандемия басталғанда қазақ волейболшысы командасыз қалды.

Алтынбекова Instagram-дағы парақшасында араб клубына қайта оралуын емеурінмен түсіндіргендей болды. Ол бұрынғы командаласымен бірге түскен суретін жариялады.

Айта кетелік, Алтынбекова желтоқсанның соңында Саят Салманұлымен тұрмыс құрды. Спортшы спортпен қош айтыспайтынын да айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер