«Мен үшін Жұмағұловтан кек алу өте маңызды». Ресейлік файтер Жалғаспен реванш жайлы
Ресейлік файтер Али Багаутинов (19-7) 16 қаңтарда Сочидегі BRAVE CF 46 турнирінде өнер көрсетеді. Іс-шара қарсаңында 35 жастағы файтер шараға дайындық туралы, сондай-ақ UFC-ге апарар жолы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«Ушатайка»</span> Youtube каналына берген сұхбатында Багаутинов BRAVE промоушенін не үшін таңдағанын, сондай-ақ жақында UFC-мен жүргізілген келіссөздер туралы, өзі үшін Жалғас Жұмағұловпен тағы бір мәрте кездесу қаншалықты маңызды екенін айтты. Жұмағұлов пен Багаутинов октагонда 2019 жылдың қазан айында Сочиде FN 95 турнирінде кездесіп, Жалғас төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
«Мансабымдағы соңғы жекпе-жек? Жалғас Жұмағұловпен реванш. Мүмкін Тайсон Наммен, бірақ Жалғаспен тағы бір мәрте төбелесу мен үшін маңызды. Шешімін таппаған сұрақ көп. Қай жерде жекпе-жек өткізу де, бокс немесе MMA заңы аясында ма, ол маңызды емес. Олар маған байланысқа шыққан, кейін хабарласпады», - деп қорытындылады файтер.
FN Global-дың бұрынғы чемпионы Жалғас Жұмағұлов 24 қаңтарда таңертең Абу-Дабиде өтетін UFC 257 іс-шарасында UFC қанаты астындағы екінші жекпе-жегін өткізеді