Қаңтардағы UFC турнирлеріне қанша жанкүйер жіберіледі?

Қаңтардағы UFC турнирлеріне қанша жанкүйер жіберіледі?

16, 20 және 23 қаңтарда Әбу-Дабидегі «Жекпе-жектер аралы» спорт кешеніне кіретін «Этихад Аренада» UFC аясында аралас жекпе-жектен үш турнир өтеді. Бұл жарыстарға жанкүйерлер жіберіледі, сообщает<span> </span>Prosports.kz.

<span>«Я там, где ММА» парақшасының мәліметінше, UFC турнирлері кезінде 18 мың көрермен сиятын «Этихад Аренаға» 2 мыңға жуық жанкүйер кіруге рұқсат беріледі.</span>

<span>Стадионға келген кезде барлық көрермен ПТР-тесттердің бар-жоғын тексертеді. Жоғары температура белгілері бар жанкүйерлер аренаға жіберілмейді. Көрермендер маска киіп, қашықтықты сақтауы керек.</span>

<span>Айта кетейік, қазақстандық уақыт бойынша 24 қаңтарда таңертең өтетін UFC 257 турнирінің бастапқы кардында Arlan MMA Pro Team командасының атынан екі қазақстандық файтер өнер көрсетеді. Аса жеңіл салмақта (56 кг) бұрынғы Fight Nights Global чемпионы Жалғас Жұмағұлов швециялық Амир Албазимен кездеседі. Жеңіл салмақта (62 кг) M-1 Global бұрынғы чемпионы Сергей Морозов ресейлік Умар Нурмагомедовпен күш сынасады. Қазіргі уақытта қазақстандық файтерлер Дубайда командасымен бірге жаттығу жиынын өткізіп жатыр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или