UFC 257: МакГрегор мен Порье арасындағы екінші жекпе-жектің превьюі
UFC ұйымның екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор мен жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпион Дастин Порье арасындағы жекпе-жектің превюін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
МакГрегор мен Порье арасындағы жекпе-жек 24 қаңтарда таңертең Абу-Дабиде өтеді және бұл кездесу UFC 257 турнирінің басты жекпе-жегі саналады. Америкалық промоушнның баспасөз қызметі екі әйгілі файтердің қарсыласу тарихын талдады. МакГрегор мен Порье алғаш рет октагонда 2014 жылдың қыркүйегінде кездескен. Ирландиялық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Конор соңғы рет Лас-Вегаста өткен UFC 246 турнирінің октагонында Дональд Серронемен айқасып, жеңіске жеткен еді. Ал Порье туралы айтар болсақ, АҚШ файтері 2020 жылдың маусымында Дэн Хукерді төрешілер шешімімен жеңді.
Айта кетелік, UFC 257-нің бастапқы кардында Arlan MMA Pro Team атынан қатысатын екі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері барі. Fight Nights Global-дың бұрынғы чемпионы Жалғас Жұмағұлов швециялық Амир Албазимен кездеседі. M-1 Global тұжырымының бұрынғы чемпионы (62 кг) Сергей Морозов ресейлік Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасады. Қазіргі уақытта қазақстандықтар Дубайда командасымен бірге оқу-жаттығу жиынында дайындалып жатыр.