IIHF әлем чемпионатына қатысты нақты шешімді қаңтарда қабылдайды

IIHF әлем чемпионатына қатысты нақты шешімді қаңтарда қабылдайды

<span>Халықаралық хоккей федерациясы кеңесі (IIHF) биылғы әлем чемпионатының өтетін орны туралы соңғы шешімді қаңтардың соңында қабылдайды. Бұл туралы ұйым президенті Рене Фазель хабарлады.  </span>

<span>«IIHF Белорусьтегі жағдайға байланысты барлық ресурстарды қолдануда. Біз көптеген пікірді талқыға салдық. Бізге Беларусь билігімен елдегі саяси жағдай мен коронавирусқа қатысты жайттарды нақтылау керек. Қаңтар соңындағы отырыста біз анық шешім қабылдаймыз», - дейді IIHF президенті.  </span>

<span>Айта кетелік, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты биыл 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Минск (Беларусь) және Рига (Латвия) қалаларында өтуі тиіс. Алайда, Беларусьтағы саяси тұрақсыздықтарға байланысты IIHF әлем чемпионатының өтетін орнын ауыстыруы мүмкін. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или