Қысқы

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаева бостандыққа шықты

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаева бостандыққа шықты
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты, деп жазады Prosports.kz.

Nur.kz басылымының хабарлауынша, сотталушының жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені туралы хабарланды.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімі бойынша, 2020 жылы 6 қаңтарда қыздың өтініші қанағаттандырылды. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді бақылау пробация қызметіне жүктелген.

Айта кетейік, Толыбаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 2019 жылдың 6 наурызында Алматы колониясында жазасын өтеп жатқан Жанар Толыбаева екінші баласын дүниеге әкелген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер