Ресейлік шабуылшы «Бейбарысқа» ауысып келді

Ресейлік шабуылшы «Бейбарысқа» ауысып келді

Ресейлік шабуылшы Артем Севостьянов «Бейбарыс» хоккей клубына қайта оралды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетейік, ойыншы осы маусымды «Молоте-Прикамье» клубында бастаған. ЖХЛ тұрақты чемпионаты аясында 18 матчқа қатысып, 5 (3+2) ұпай жинады.

Тюмень қаласының 26 ​​жастағы түлегі 2017-2018 жылғы маусымда «Бейбарыс» сапында өнер көрсеткен. Ол бұған дейін «Номад» командасында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или