Қазақстан құрамасының ойыншысы «Торпедоға» оралды
Шабуылшы Дмитрий Гренц «Торпедо» хоккей клубына қайта оралды, деп жазады Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт осы маусымның соңына дейін жасалды.
Гренц «Барыс» командасынан кетіп, «Торпедоға» оралып отыр.
Айта кетейік, 24 жастағы ойыншы маусым басында «Барыс» клубына ауысқан. ҚХЛ чемпионаты аясында 10 матчына қатысып, бір пас берді. Ал PRO LIGASY маусымында Дмитрий Гренц «Номад» сапында өнер көрсетті (7 матчей, 3+5).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или