Барыстың» капитаны жылдың үздік мерген қорғаушысы атанды

Барыстың» капитаны жылдың үздік мерген қорғаушысы атанды

«Барыс» клубының қорғаушысы Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) 2020 жылы үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Команда капитаны 52 матч өткізіп, 31 (19+12) ұпай жинады. Қорғаушылардың арасында Диц өткен жылы мерген атанды. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша, «Барыс» капитаны өз тобында ең нәтижелі ойыншылардың бестігіне кірді.

Оның алдында Микко Лехтонен («Йокерит») — 41 (15+26) ұпай, Филип Ларсен («Салават Юлаев») — 33 (7+26) ұпай, Игорь Ожиганов (СКА) — 32 (7+25) ұпай және 32 (6+26) ұпай алған Юрки Йокипакка («Сибирь») тұр.

ҚХЛ-дың осы маусымына келетін болсақ, бұл кезеңде Даррен Диц 31 матч өткізіп, 20 (12+8) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или