Мадияр Әшкеев алғашқы жеңілісінен соң мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-1, 9 КО) мансабындағы алғашқы жеңілісінен соң мәлімдеме жасады.
«<span>Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Соңғы жекпе-жегіме қолдау білдерген жанкүйер жұртқа алғыс айтқым келеді! Халықсыз - батыр тұл! Кәсіпқой рингте де өмір заңдылығы - әмірші. Бұл жетістіктер мен сәтсіздіктердің қатар жүруі. Алмас қылыштың жүзі қайтса да, өзі мұқалмайды. Сондықтан әрі қарай тер төгуді, шыңдалуды жалғастырамын. Бокстағы жорығыма мықты болып оралу - менің мақсатым!</span>», - деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.
Еске сала кетейік, Қазақстан уақытымен 18 желтоқсан таңертең Мадияр Әшкеев америкалық<span> </span><span>Чарльз Конвэлл</span>ден (14-0, 11 КО)<span> </span>жеңіліп қалды. 32 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңіліске ұшырады.