«Барыс» - «Сибирь» матчының тікелей трансляциясы
28 желтоқсанда астаналық «Барыс» Новосибирскінің «Сибирь» командасын қабылдайды, сообщает Prosports.kz.
Қарсыластар кездесу алдында әр түрлі көңіл-күйде. Бұған дейінгі бес кездесуде жеңіске жеткен «Барыс» алға қарай өрлеп келеді. Сібірліктер Қазақстан астанасына келмес бұрын «Салават Юлаевтан» жеңілген. Сонымен қатар, «Сибирь» желтоқсанда тағы төрт матчта жеңіліп, плей-офф аймағынан алыстап кетті. Новосибирск хоккейшілеріне плэй-офф аймағына оралу үшін ұпай керек, бірақ Нұр-Сұлтанда ұпай еншілеу қиындау.
Жеңіске жеткен жағдайда «Барыс» Шығыс конференциясының турнир кестесінде 7-орында тұрған нижнийновгородтық «Торпедоға» жақындай түседі. Сонымен қатар, Юрий Михайлис командасында маңызды мотивация болады - соңғы алты матчта «Сибирь» «Барыстан» айласын асырған, сондықтан елордалықтар бұл серияны тоқтатуға тырысады.
«Барыс» - «Сибирь» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:25-те басталады, оны мына СІЛТЕМЕ бойынша қарауға болады.