Америкалық инсайдер Головкиннің келесі қарсыласын атады
Америкалық The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластарын атады, деп жазады Prosports.kz.
Оның айтуынша, қазақстандық боксшының Хайме Мунгия немесе Риота Муратамен жұдырықтасу ықтималдығы жоғары.
«Геннадий Головкин міндетті қарсыласы Камил Шереметаны жеңіп, титулын қорғады. GGG енді көктемде орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық Хайме Мунгиямен кездесуі мүмкін.
Бірнеше жыл бұрын екеуінің жекпе-жегін өткізу туралы келісім болған. Бірақ Невада Атлетика комиссары Боб Беннетт Мунгия кездесуге дайын емес деп санап, жекпе-жектің ұйымдастырылуына кедергі жасаған. Бірақ қазір Мунгия мен Golden Boy дайын екеніне сенімді.
Егер бұл жекпе-жек ұйымдастырылмаса, Геннадий Головкин Токиода жапон жұлдызы, Олимпиада чемпионы Риота Муратамен жұдырықтасуы мүмкін.
Әрине, Головкин – «Канело» 3 жекпе-жегі де күн тәртібінен түспек емес. Мексикалық боксшы маған бұл кездесуді өткізу мүмкіндігі әлі де бар екенін айтты.
Бірақ, менің ойымша, Головкин – Мунгия және GGG – Риота Мурата жекпе-жегінің өтуі әбден мүмкін», - деді Коппинджер Ring City USA-ге берген сұхбатында.