Асу Алмабаев - жеңіл салмақта NFC чемпионы

Асу Алмабаев - жеңіл салмақта NFC чемпионы

Алматыда қазақстандық Naiza Fighting Championship қазақстандық промоутері ұйымдастырған NFC 27 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде M-1 Global-дың уақытша чемпионы (56 кг) Асу Алмабаев (11-2) Дархан Скаковпен (3-0) кездесті. Айқас ұзаққа созылмады. Бірінші раундтың аяғында Асу қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Алмабаев мансабында он екінші мәрте жеңіске жетті. Бастапқыда Алмабаев қырғызстандық Алманбет Абдывасы уулына қарсы төбелеседі деп жоспарланған, бірақ ол шекарадағы мәселелерге байланысты Қазақстанға келе алмады.

Скаковқа келетін болсақ, файтер өзінің мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Үш мәрте жеңіске жеткен.

Скаков бұл жекпе-жекке турнирден бір күн бұрын шақырту алғанын айта кеткен жөн.

NFC 27 турнирінің серіктесі - 1XBET.

NFC 27 турнирінің серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

NFC 27 турнирінің серіктесі - UNO сауда маркасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или